АЛАЯҚТАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Қызылорда қаласында орналасқан банкілердің біреуінде қылмыстық топ құрып азаматтарды алдап, алаяқтық жолмен қаражат тапқан топтың 15 мүшесінің барлығы бас бостандығынан айырылды.
15 сотталушының 13 әйел адам. Олардың 2-і алдын ала тергеу кезінен бастап қамауда отырған болатын, 2-і сот залынан қамауға алынды, ал қалған 9 сотталушы әйелдің тәрбиесінде 14 жасқа толмаған балалары болуына байланысты олардың жаза өтеу мерзімі ҚР Қылмыстық кодексінің 72 бабына сәйкес кейінге қалдырылды. Ұйымдасқан қылмыстық топтың басшылары 7-8 жылдан алса, қалған мүшелері 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырлыған
ауданаралық сотының баспасөз қызметі