МАЛ ҰРЛАП БАЙЫМАҚ БОЛҒАН АЗАМАТ ЕКІ ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ
Бірнеше мал ұрлығын жасаған азамат 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Нақтырақ айтатын болсақ, сотталушы азамат осы жылдың көктемінде арам ойынан бейхабар азаматты көлігімен жалдап малшы ауылға мал ұрлығын жасау үшін барған. Сол жерде жайылып жүрген жәбірленушінің 200000 теңге тұратын бір бас сиырын ұрлап әкетіп, Ы.Жахаев ауылының тұрғынына өзінің ірі қарасы екеніне сендіріп, 70000 теңгеге сатып жіберген. Сонан соң, ұрлығынан бейхабар тағы бір азаматтың көлігін жалдап, жайылымда жүрген құны 400000 теңге тұратын бір бас жылқыны құлынымен қолды қылады. Сөйтіп, «Көкшоқы» елді мекенінің тұрғынына 160000 теңгеге сатып жіберген. Бұдан бөлек, ол бұл арам пиғылымен жайылымда жүрген малдарды бүтіндей сатып отырған.
Алайда оңай олжаға кенелемін деген ойы одан ары аспай, қылмысы әшкереленген азамат ҚР ҚК-нің 175-бабының 2-бөлігінің «б» тармағымен кінәлі деп тауып, мүлкін тәркілемей 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
Шынар БЕКБАН