АДАМДЫ ҰРЫП ӨЛТІРДІ
Жуырда Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты адамды басын кірпішпен ұрып, одан кейін оның денесін аяғымен теуіп, қабырғалары мен бет сүйектерін сындырып өлтірген 35 жасар қызылордалыққа қатысты айыптау үкімін шығарды.
Сотталушы сот отырысында кінәсін мойындамай, сол күні ол қатты мас болғанын, есі біресе кіріп біресе шығып жүргенін, ол адамды кірпішпен ұрғанын білмейтінін, бір есін жиғанда өліп жатқан адамның қасында отырғанын айтып, ақталды.
Оқиға жаз мезгілінде Қызылорда қаласының маңында орналасқан саябақтардың біреуінде болған. Сотталушы сол күні азанда екі таныстарымен кездесіп қалып, оларды өзінің саябағына шақырған. Сол жерде олар біраз уақыт арақ ішіп отырған. Одан кейін таныстары өз жұмыстарымен кетіп қалған сон, ол жоғалып кеткен сиырын іздеуге шыққан. Сөйтіп жүріп біреудің саябағына кіріп кеткен. Қорасында бөтен, мас ер адамды көрген саябақтың егесі әйел адам оған «қорадан шық» деп айтқан. Алайда, сотталушы оны тыңдамай, қолына кірпіш ұстап, өзіне ұмтылған. Бұл әрекеттерден қорқып кеткен әйел есігінің алдында жүрген көршісінің атын айтып айқайлап, үйіне кіріп, қашып үлгерген. Көрші әйел келіп сотталушыға «сен бөтен үйдің қорасына кіріп кеттін, көшеге шық» деп айтып жатқан кезді пайдаланып саябақ егесі үйінен шығып кетіп, басқа көршілерін шақырады. Одан кейін келген көрші ер адам бұзақыны қорадан шығарайын деп жатқанда, ол қарсылық білдіріп, балағат сөздер айтып, қол жұмсайды. Сонда көшеде келе жатқан бір мас адам келіп соталушыны жетектеп сыртқа шығарады. Бірақ, көшеде екеуі сөзге келісіп қалып, бір бірімен жанжал болып жатқанда, сотталушы оны бір ұрып жерге құлатып, басын кірпішпен ұра бастайды.
Сотталушының кінәсі куәлерден жауаптарымен және тергеу кезінде өткізілген сараптамалардың қорытындыларымен толық дәлелденді.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты адам өлтірушіні 8 жылға бас бостандығынан айыруға, жазасын қатаң режимдегі түзеу колонияда өтеуге деп үкім шығарды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қаракөз САРСЕНБАЕВА,
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі