ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ ОҚ АТҚАН ТҰРҒЫН ҰСТАЛДЫ
Қала көшесінде мас күйінде, аңшы мылтығымен полиция қызметкерінің аяғынан атып, қашып кеткен 25 жастағы, қала тұрғыны ұсталды.
Аяғынан жарақат алған полиция қызметкері ауруханаға жеткізілді. Ал оны жаралаған азамат қарсылық көрсетіп оқиға орнынан қашып кеткенімен көп кешікпей ұсталды. Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24 бабы 3 бөлімі, 99 бабының 1 бөлімі, 192 бабының 2 бөлімі және 380 бабтың 2 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Күдікті азамат қамаққа алынып, оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.