ІШІП – ЖЕГЕН ТАҒАМДАРЫНЫҢ АҚЫСЫН ТӨЛЕМЕГЕН
Төретам станциясы темір жол вокзал ғимаратының ішінде орналасқан кафеде тамаққа тапсырыс беріп, ақшасын төлемей бой тасалаған азамат сотты бола жаздады.
Байқоңыр қалалық сотының хабарлауынша, азамат сатушыдан құны 2870 теңге болатын тағамдарға тапсырыс беріп ішіп-жеп, даяшы кафе ішінде басқа тапсырыс берушілермен сауда жасап тұрған сәтін пайдаланып, алған заттарының ақшасын төлемей, кетіп қалған.
Сотқа ұсынылған құжаттар бойынша жәбірленуші мен сотталушы «Медиация туралы» Заңының тәртібімен шешу мақсатында, медиатордың көмегіне жүгініп, медиатор арқылы өзара келісімге келіп татуласып, ымыраласқан. Араларында істі «Медиация туралы» заңына сәйкес қысқарту жөнінде «Дауды реттеу туралы» келісім жасалған.
ҚР ҚК-нің 177-бабының 1-бөлігімен айыпталған сотталушы ҚР ҚК-нің 67-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен қысқартылды.
Шынар БЕКБАН