ОБЛЫС ТҰРҒЫНЫНАН БІР КЕЛІДЕН АСА МАРИХУАНА ТӘРКІЛЕНДІ
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел ұйымдастыру шаралары барысында 1970 жылы туылған Сырдария ауданының тұрғыны газет қиындысына оралған өзіне тән ерекше иісі бар затты 2000 теңгеге сатпақ болған сәтінде ұсталды. Тәркіленген затқа тиісті сараптама тағайындалып, нәтижесінде оның 3,31 гр-ды және 4,0 гр.-ды құрайтын кептірілген марихуана екендігі дәлелденді.
Ұсталған азаматтың үйін тексеру барысында да тағы 1 жарым килограмға жуық есірткі заты табылған. Оны күдікті үй ауласындағы жертөлеге полиэтилен пакетіне орап тығып қойыпты. Затқа сараптама тағайындалып, жалпы салмағы 1 кг. 260 гр.-ды құрайтын кептірілген марихуана екендігі белгілі болды.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігі және 296-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті Сырдария АІІб-нің Уақытша ұстау абақтасына қамаққа алынды. Тиісті сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.
Дәл осындай факт 16 ақпан күні де тіркелген. Есірткі затын саудалап тұрған жерінен 1968 жылы туылған Бесарық ауылының тұрғыны ұсталды. Оқиға орнынан айғақ зат ретінде 2 дана газет қиындысына оралған жасыл түсті өзіне тән иісі бар зат алынды. Белгісіз затқа тағаындалған сараптама оның марихуана екендігін анықтады.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 1-бөлігі негізінде қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.