ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙ АБАЙСЫЗДА ӘРІПТЕСІН АТЫП АЛДЫ
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша 8 наурыз күні сағат 14.30 шамасында қалалық прокуратура ғимаратының күзет бөлмесінде Қызылорда облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы қызметкері табельдік тапаншасымен абайсызда өзімен бірге кезекшілік атқарып жүрген полиция қызметкерін атып алған. Әріптесі алған жарақатынан қайтыс болды.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, сезікті қамаққа алынды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.