МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ АҚША ҚОЛДЫ БОЛДЫ
Жамбыл облысының Iшкi iстер басқармасының көлік полициясы қызметкерлері 42 жастағы қызылордалық әйелдің ақша және әшекей бұйымдарын барлығы миллион теңгенің затын ұрлады деген айып тағып, 20 жасар екі күдіктіні ұстаған. Ол туралы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлайды.
Iшкi iстер басқармасының кезекші бөлімі жәбірленушінің «Қызылорда Семей» поезының жолаушысы екенін анықтаған. Вагоннан белгісіз біреулер сөмекесін ұрлаған, онда 400 мың теңге, 2 мың доллар ақша және алтын бұйымдар болыпты.
Барлығы 915000 теңге шығын келтірген. Полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру жұмыстары нәтижесінде қылмыс дер кезінде ашылды. Ұсталғандар уақытша қамау изоляторына жабылды.
Фариза ОМАРОВА