АУЫЛДАСЫНЫҢ 17 ҚОЙЫН ҰРЛАҒАН
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша Шиелі аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері ауылдасының 17 қойын ұрлаған азаматты қолға түсірді.
2017 жылғы қаңтар айында аудан орталығынан 50 шақырым жерде орналасқан «Жалғыз ағаш» жайылымынан 17 қой қолды болған. Ішкі істер бөліміне малдың жоғалғандығы жайлы 50 жастағы аудан тұрғыны шағымданады. Шығын көлемінің жалпы сомасы 425 000 теңгені құраған.
Аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қатарынан жедел-тергеу тобы құрылып, күдіктіні анықтап, 1988 жылы туған аудан тұрғыны полиция бөлімшесіне жеткізілді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігі негізінде қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау мақсатында жұмыстар жүргізілуде.