АҢШЫ МЫЛТЫҒЫ МЕМЛЕКЕТ ПАЙДАСЫНА ТӘРКІЛЕНДІ
Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімі «Құқық тәртібі» іс-шарасы аясында ауданға қарасты Ақтөбе ауылының тұрғынының автокөлігін тексеру кезінде, 16 калибрлі 2 ұңғылы №15904 санды аңшы мылтығы табылды, - деп хабарлайды аудандық соттың баспасөз қызметі.
Аталған аңшы мылтығы құқық бұзушының қаруы екендігі анықталып, аңшы мылтығын ішкі істер органының рұқсатынсыз сақтап жүргені анықталды. Яғни заң бұзушы ҚРӘҚБтК-нің 368-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасаған.
Сот отырысында күдікті әрекетін толық мойындап, жасаған әрекеттеріне өкінетінін білдірді. Сот, іс-құжаттарын зерттеп, құқық бұзушының түсінігін, прокурордың айыппұл салу туралы пікірін тыңдады. Заң бұзушының әрекетінің сипаты мен дәрежесін саралап, оған әкімшілік айыппұл салу түріндегі жаза қолдануға жатады деп есептеді. ҚР ӘҚБтК-нің 368 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп тауып, 9260 теңге айыппұл салып, аңшы мылтығын мемлекет пайдасына тәркіледі.
Фариза ОМАРОВА