БАЛАЛАРДЫҢ ТАҒАМЫНА ҚОЛ САЛҒАН
«Қызылорда ньюс» газетінің сенімді ақпарат көзінен белгілі болғандай, бүгін таңертеңгі мезгілде Қызылордадағы Макаренко атындағы ата-ана қамқорлығынан айырылған жетім балалар үйінде белгісіз жағдай орын алды. Қызметкер әйел қойманың терезесiнің ашық қалғандығын көріп қалады, ал асхананың терезелерiнiң астында жерде жәшiктегі алмалар мен қораптағы шырын құлап жатқандығын байқайды.
Бiрден мекеме директоры Лиза Ысқақова ішкі істер органына оқиға туралы хабар береді. Оқиға орнынан табылған құқық қорғау органдары қызметкерлері жедел тексеру жұмыстарына кірісіп, кинолог мамандармен ізге түсті.
Қазіргі таңда полиция қызметкерлері балалардың тамағына қол салған ұрыларды іздестіруде.
Фариза ОМАРОВА