МЕКТЕП САЛУ БАРЫСЫНДА 82 МЛН. ТЕҢГЕ ҰРЛАНҒАН
Биыл алты ай ішінде Қызылордада 1,5 мың жасөспірімнің конституциялық құқығы қорғалып, заң бұзған 500 адам әртүрлі жауапкершілікке тартылды.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, қадағалаушы орган өкілдерінің араласуынан кейін 209 жасөспірімнің 3 млн. теңге көлеміндегі жәрдемақысы төленген. Мүгедек балаларға арналған 214 мың. теңге бюджет қаржысын жымқыру фактісі бойынша мектеп жасына дейінгі балаларға арналған сауықтыру және тәрбиелеу қайырымдылық үйінің басшысы Н.Есенбекова сотталды.
Бүгінде Арал ауданында облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен 140 орындық мектеп салу барысында 82 млн. теңге ұрлау фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс тергелуде.