ШЫМБҰЛАҚТА ҚАР КӨШКІНІНІҢ АСТЫНДА ҚАЛҒАН РЕСЕЙЛІК АЗАМАТ ҚАЗА ТАПТЫ
Шымбұлақта Ресей азаматы қар көшкінінің астында қалып, қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы мәліметті ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.
Шымбұлақтың батыс баурайында қар көшкіні жүрген. Иманқұловтың айтуынша, ер адам жол шетінен шығып кеткен. Ол қар құрсауынан шығарылып, ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлер оны құтқара алмаған.
Қаза болған адамның Ресей Федерациясының азаматы және жарыстардың рефериі екендігі анықталды.
Қаза болған адамның Ресей Федерациясының азаматы және жарыстардың рефериі екендігі анықталды.