ЕКІ РЕТ ҚҰҚЫҚ БҰЗҒАН АЗАМАТ 10 ЖЫЛ КӨЛІК ҚҰРАЛЫН ЖҮРГІЗБЕЙДІ
Қызылорда қаласында көлік құралын мас күйінде жүргізге азамат 10 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды. Бұл туралы қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Құқық бұзушы азамат бұған дейін де алкогольдік ішімдік ішіп, көлік құралын жүргізгені үшін сот қаулысымен әкімшілік жазаға тартылған. Бірақ әкімшілік жазаның мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл толмай жатып, «Audi 100» маркалы автокөлігімен қала көшелерінің бірінде мас күйінде басқарып, қайтадан құқық бұзушылық жасаған.
Нәтижесінде құқық бұзушы азамат ҚР ӘҚБтК-нің 467-бабының 5-бөлігімен кінәлі деп табылып, 30 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 10 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды.
Шынар БЕКБАН