ҮШ КЕЛІ ЕСІРТКІ САҚТАҒАН
Облыс аумағында өткізіліп жатқан «Өрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Қызылорда ОІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 3 келі есірткі сақтаған қала тұрғынын анықтады.
Сезіктінің үйіне тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде есірткі пайдалануға арналған құрал, ыдысқа салынған сора тұқымы, газет қиындысына оралған жасыл түсті, өзіне тән ерекше иісі бар өсімдік табылды. Олар заттай дәлелдеме ретінде алынып, тиісті сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысымен оның 3 келі 425,17 грамм кептірілген марихуана екендігі белгілі болды.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сезікті тұлға қалалық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды, деп хабарлады ОІІД баспасөз қызметі.