ЖҮК АВТОКӨЛІГІНІҢ ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫН ҰРЛАҒАН
Жалағаш ауданы Бұқарбай батыр ауылы тұсында «EVRASCON» АҚ-на тиесілі «Мердседес бенс» маркалы жүк автокөлігінен жанар-жағар майын ұрлаған азамат ұсталды. Бұл туралы Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Ол 20 литр дизель жанар-жағар майын сатып, ӘКБтК-нің 136 бабының 1 бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылық жасаған.
Жалағаш аудандық сотының қаулысымен құқық бұзушы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 136 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 3 704 теңге айыппұл салынды. Айыппұлды сотталушы қазіргі уақытта өз еркімен төледі. Қаулы заңды күшіне енбеген.