ХАБАРСЫЗ КЕТКЕН БАЛЫҚШЫЛАР ТАБЫЛДЫ
2016 жылдың 9-желтоқсан күні Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментіне арыз түскен. Онда Қызылорда қаласының тұрғындары Н.Югай, С.Мясникова, И.Яковлева және Ж.Махмутова жұбайларының желтоқсан айының 5-і күні Телікөлге балық аулауға кеткеннен осы күнге дейін хабарласпағанын айтқан.
Осыған байланысты «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының» құтқарушылары ТРЭКОЛ техникасымен 9 желтоқсан күні 12 сағат 20 минутта іздестіру құтқару жұмыстарына шықты.
Қызылорда – Жезқазған тас жолының 175 шақырымына 16 сағат 00 минутта жетіп, Сарысу өзені және Телікөл көлінің аумағында іздестіру жұмыстарын жүргізді.
10 желоқсан күні жасақ құтқарушылары «Иридиум» спутниктік телефоны арқылы базамен хабарласып, жоғалған 4 адамның 2-еуі табылғаны, Қызылорда қаласына жеткені жөнінде хабар алады. Құтқарушылар жалғастырған іздестіру жұмыстары нәтижесінде жоғалған отыз төрт жастағы М.Жүнісов пен 1979 жылы туған В.Яковлев осы күні 22 сағат 14 минутта Ақтау тауының маңынан табылды. Олардың медициналық көмекке зәру еместігі, жағдайларының жақсы екендігі анықталды.
Көп ұзамай автокөлігіндегі жанармайы таусылғандықтан хабарсыз кеткен балықшылар Қызылорда қаласына жеткізілді.

Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы