АВТОКӨЛІКТІ АЙДАП КЕТКЕН
Арал аудандық сотында спирт ішімдігін ішкен азамат бөтен біреудің көлігін айдап кеткені үшін сотты бола жаздады. Бұл туралы Арал аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Айыпты азамат мас күйінде Арал ауданы, Сексеуіл кентіндегі Сәтбаев көшесінің бойында ашық тұрған автокөлікті сымдарын жалғау арқылы оталдырып, айдап кеткен.
Алайда кәсіпқой медиатор Б.Бердалиев «Медиация туралы» Заңның 27 бабының талабына сәйкес медиация рәсімін өткізіп, сотталушы мен жәбірленушіні татуласуына қол жеткізген. Келтірілген залал қалпына келіп, «дауды реттеу туралы келісім» сотқа ұсынды.
Нәтижесінде сотталушы азамат ҚК 67 бабының 1 бөлігіне сәйкес, қылмыстық жауаптылықтан босатылып, ісі өндірістен қысқартылды.
Шынар БЕКБАН