ЛАУАЗЫМДЫҚ ӨКІЛЕТТІКТЕРІН ТЕРІС ПАЙДАЛАНҒАН
Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп, лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланған және пара алған лауазымды тұлғаға қатысты үкім жарияланды. Бұл туралы Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Сотталушы аудандық орталық аурухананың басшысы қызметін атқарып жүріп, арызданушыны жүргізуші етіп аламын деп 500 000 теңге көлемінде пара алған. Сонымен қатар емханаға ақылы қызметтен түскен қаражатты мекеменің кассасынан жүйелі түрде кассалық кітапқа жаздырмай, тек формальді түрде мекеме қызметкерлерінің атынан алып, бас пайдасына жаратып, мекемеге 3 175 000 теңге мүліктік залал келтірген. Онысымен қоймай, сотталушы Қазалы ауданындағы Басықара ауылында 07.04.2015 жылы туылып, 18.03.2016 жылы қайтыс болған баланы құжат жүзінде 1 жастан асқан соң ғана қайтыс болу туралы картасын толтыруға тапсырма беріп, қайтыс болған баланың ата-анасына 199 322 теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы төленіп, салдарынан мемлекетке елеулі зиян келтірген.
Сот үкімімен сотталушы Қазақстан Республикасы ҚК-нің 366-бабының 2-бөлігімен, 189-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен, 361-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігіне сәйкес онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы түпкілікті жеке мүлкін тәркілеп, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға теңестірілген адам болып қызмет атқару құқынан және мемлекеттік қызметті атқару құқынан өмір бойына айыра отырып, ҚК-нің 55-бабының 4-бөлігін қолданып 5 (бес) жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.