ЕСІРТКІ ТАСЫМАЛДАУШЫ 10 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ
Жедел хабар тускеннен кейін, полиция қызметкерлері Қармақшы ауданы бағытына бет алып келе жатқан автокөлікке тоқтау туралы белгі берген, алайда көлік жүргізуші погон таққан адамдарды көрген соң, кері бұрылып, олардан қашты. Полицейлер оның артынан 15 км-дей қуды, бірақ қашқан адам оның көлігінің екі бірдей балоны жарылған соң ғана тоқтады.
Көлікті тексеру кезінде онда 10 орама кептірілген марихуана табылды. Көлік жүргізушінің айтуы бойынша бұл затты ол Ақтөбе қаласына жеткізу керек болатын.
Сот отырысында сотталушы кінәсін ішінара мойындап, оған танымайтын адамдар 2 сөмкені Ақтөбе қаласына жеткізіп беруді сұрағанын, есесіне 200 000 теңге беретінін, сөмкелерде не зат болғанын білмегінін айтып, ақталды. Оған тағылған айыпты қайта дәрежелеуді сұрады, себебі онда есірткі заттарды сатуға ойы болмаған деді.
Құжаттарды тексеру барысында сотталушы көлік жүргізу куәлігін қолдан жасап алғаны анықталды. Сотта ол 2013 жылы 2 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылғанын, сосын көшеде бір осындай куәлік тауып алып, ондағы суретті алып тастап, өзінің суретін жапсырып, көлік айдап жүргенін айтты.
Басты сот талқылауында есірткі зат тасымалдаушының кінәсі толығымен дәлелденіп, оған қатысты айыптау үкімі қабылданды. Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен оның мүлкі тәркіленіп, өте ірі мөлшерде есірткі заттарды заңсыз иемденіп тасымалдаған үшін және көрінеу жалған құжатты дайындап пайдаланған үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қатаң режиміндегі түзеу колониясында өтеу белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қаракөз САРСЕНБАЕВА,
Қызылорда облысының мамандандырылған
ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі