ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОПТЫҢ ЕКІ МҮШЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ҮКІМ ЖАРИЯЛАНДЫ
2016 жылдың 26 ақпанында Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сотталған ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі мен мүшелеріне қатысты қылмыстық іс қарап, айыптау үкімін жарияланған болатын.
Бүгінгі күні сол топтың тағы да екі мүшесіне, яғни Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 194-бабының 4-бөлігі 1-тармағымен (қылмыстық топпен қорқытып алу) және 262-бабының 2-бөлігімен (ұйымдасқан топқа немесе қылмысқа қатысу) айыпталған ұйымдасқан топпен жасалған қылмыстық іс бойынша 2 сотталушыға қатысты айыптау үкімі жарияланды.
Сотталушы С. мен Д. ұйымдасқан қылмыстық топ басшысының тапсырмасымен кәсіпкерлерді психикалық қысым көрсету арқылы қорқытып, олардан ақша мен заттар алу, сонымен қатар бір-біріне қарыз адамдардың ақшасын мәжбүрлеп қайтартып, қарыз ақшаның мөлшерінен заңсыз пайда табу міндеттерін атқарған.
Сот үкімімен сотталушы С. ҚР ҚК-нің 262-бабының 2-бөлігі, 194-бабының 4-бөлігі 1-тармағымен кінәлі деп танылып, түпкілікті 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясын өтеуге деп белгіленді, ал сотталушы Д. ҚР ҚК-нің 262-бабының 2-бөлігі, 194-бабының 4-бөлігі 1-тармағымен кінәлі деп танылып, түпкілікті 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясын өтеуге деп белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі