АДАМ ӨЛТІРГЕН ҮШІН СОТТАЛДЫ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР Қылмыстық 99-бабының 1-бөлігімен айыпталған сотталушы Е.Рзабаевқа қатысты қылмыстық іс қаралып, айыптау үкімі жарияланды.
Сотталушы Е.Рзабаев 2011 жылы 5 жылға ауыр қылмыс жасаған үшін сотты бола тұра, аса ауыр қылмыстық құқық бұзушылық жасаған. Яғни, 23 тамыз 2016 жылы сағат 16-30 шамасында сотталушы таныстарымен кездесіп, спирттік ішімдік ішкен. Одан кейін, сол түнгі 00-30-да шамасында олар Е.Рзабаевтың тұрып жатқан мекен-жайына келіп, дүкеннен тағы екі шөлмек сыра алып, подъезде ішкен. Сол сәтте өтіп бара жатқан жәбірленуші олардан темекі сұрап, сөзге келіп, төбелесіп қалған. Ақырында жәбірленуші сотталушының танысын соққыға жыққан. Танысының таяқ жегеніне қатты ызаланған сотталушы өзімен бірге алып жүрген асхана пышағымен жәбірленушініге ауыр дене жарақатын салып, қасақана өлтірген. Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын ерекше режимдегі түзеу колониясында өтеуге деп белгіленді.Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қызылорда облысының қылмыстық
істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының баспасөз қызметі