СОТ БЕРЕШЕКТІ ӨНДІРУ ТУРАЛЫ ТАЛАП АРЫЗДЫ ҚАНАҒАТТАНДЫРДЫ
Талап қоюшы мекеме сотқа талап арыз беріп, онда жауапкер шектеулі серіктестіктен қоршаған ортаға келтірілген 1 828 701 840 теңге залалды мәжбүрлеп өндіруді сұраған. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Іс құжаттарынан анықталғандай, Экологиялық заңнаманы сақтау бойынша жоспардан тыс тексерістің қорытындысы бойынша жауапкермен қосымша участкелердің 4 шұңқырында және алқаптарында қайта өңдеуге түскен өндірістік қалдықтар орналастырылған.
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 5-бабының 7-бөлігіне сәйкес, қоршаған ортаға келтiрiлген залалды өтеу мiндетi Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының негiзгi принциптерiнің бірі болып табылады.
Бірінші саты соты тараптардың түсініктерін тыңдап, дәлелдемелерді зерттеп, талапты қанағаттандыру туралы шешім шығарды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.