ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕЙМАНХАНАҒА ТАПАНША МЕН ПЫШАҚ АЛЫП БАРҒАН БҰЗАҚЫ СОТТАЛДЫ
Қызылордадағы аудандық соттардың бірінде мейманхана маңында бір азаматқа оқ атып, пышақ сұғып алған азаматқа қатысты үкім шықты.
Мейманханаға келушілер арасында жанжал туындаған. Ақыры бірі екіншісінің иығына газды тапаншамен оқ атады. Жәбірленуші қарулы бұзақыны жерге алып ұрғанда ол қалтасынан туристік пышақ алып шығып, қарсыласының аяғына үш мәрте сұғып алған. Абырой болғанда жәбірленушінің жарасы жеңіл болып, емделіп шықты. Ал суық қару қолданған бұзақы сот шешімімен төрт жылға бас бостандығынан шектелді.