ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Полиция қызметкерлері 1 күн ішінде ірі көлемдегі пәтер ұрлығы қылмысын жасап, қала тұрғынына 14 миллионға жуық шығын келтірген 2 адамнан тұратын қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлады Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі. Ұсталған қылмыстық топ мүшелерінің, яғни 1991 жылы туылған және 1995 жылы туылған азаматтардың қылмыстық іс-әрекеттері толығымен дәлелденіп, айғақ заттары алынды.
Атап айтқанда, жоғарыда аталған азаматтар 2016 жылдың 02 тамызында сағат 14.00-18.30 уақыт аралығында Қызылорда қаласы тұрғынының үй-жайына бірінші қабатта орналасқан бөлменің терезесі арқылы кіріп, жатын бөлмеде тұрған алтын бұйымдарын, 2 миллионға жуық ақшасын және 4 300 АҚШ долларын ұрлап кеткен. Шығынның жалпы сомасы 13 685 000 теңгені құраған.
Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Екі күдікті де Қалалық ішкі істер басқармасының Уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Іс айыптау қорытындысымен сотқа жолданды.