АЯЛДАМА СЫНДЫРҒАН БҰЗАҚЫ ЖАЗАСЫН АЛДЫ
Қызылорда қаласы № 2 сотында аялдама сындырған бұзақыға қатысты іс қаралды, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
Сотталушы алкогольді мас күйінде, қоғамды анық құрметтемеуін білдіретін, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен ұштасқан бұзақылық әрекетін жасап, қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзды. Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Әуежай тас жолының жиегінде орналасқан «Қызылорда Тазалығы» ЖШС-не қарасты аялдаманың әйнегін теуіп сындырған.
Сот сотталушыны ҚРҚК-нің 257 бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 120 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартуға үкім етті.
Сонымен қатар, сотталушыға ҚРҚК-нің 95-бабының 1-1 бөлігінің талабына сәйкес, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары - облыстық денсаулық сақтау ұйымдарында алкогольден мәжбүрлеп емдеу тағайындалды. Үкім күшіне енбеген.