1 КҮНДЕ 60 АТА-АНА ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Қараша айының 01-10 күндері аралығында жасөспірімдер қылмысын ескерту және алдын алу мақсатында республика көлемінде «Жасөспірім» жедел-профилактикалық шарасы өткізілуде.
Аталған кешенді шараға ІІО-нің жеке құрамы жұмылдырылып, жергілікті атқарушы органдардың, прокуратураның, білім беру, денсаулық сақтау органдарының, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының жастар қанаты филиалы өкілдерінің қатысуымен алкоголь ішімдіктерін ішетін, заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз түнгі мезгілде немесе сабақ уақытында тыйым салынған орындарды жағалайтын кәмелетке толмағандарды, мектептер мен лицей оқушыларына теріс криминогендік ықпалы бар және бопсалаумен айналысатын жасөспірімдерді, кәмелетке толмағандардың есірткі және психотроптық заттарды тұтыну фактілерін, оларды пайдалануға тартатын адамдарды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.
Іс-шараның 1 күнінде ішкі істер органдарына барлығы 79 жасөспірім жеткізілді. Олардың 6-ы қаңғыбастыққа салынғаны үшін жеткізілсе, 73-і түрлі деңгейдегі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы бойынша, яғни ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 4 ата-анаға және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабы бойынша, сағат 22.00-ден 06.00-ге дейінгі түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуы және сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын-жайдан тыс жерде болғаны үшін 60 кәмелетке толмағандар анықталып, олардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне әкімшілік шара көрілді.
Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) және ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы (кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық) бойынша 7 кәмелетке толмағандар мен олардың заңды өкілдеріне хаттама толтырылса, ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы, кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемесіне заңды өкілінсіз кіруіне жол бергені үшін 1 ойын-сауық мекемесінің меңгерушісіне әкімшілік хаттамалар толтырылған.
Сонымен қатар, іс-шара барысында ішкі істер органдарының тізімдік және профилактикалық есебіне 12 кәмелетке толмағандар, 7 қолайсыз отбасы есепке алынды.
Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі