АҚБӨКЕНДІ АТЫП АЛҒАН АҢШЫЛАРДЫ ҚҰРЫҚТАДЫ
Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметі Табиғатты қорғау полиция қызметкерлері мен «Охотзоопром» ӨБ РМҚК мамандарының бірлесіп жүргізген рейдтік шолу жұмыстары барысында заңсыз аң аулағандар құрықтылды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 30.10.2016 жылы сағат 13.00 шамасында Қармақшы ауданынан 200 шақырым қашықтықтағы «Жыланды қыр» деп аталатын далалық жерде «Тойота – Ланд-Крузер» маркалы автокөлігі тоқтатылып, көліктің ішінен 2 дана ақбөкен аңының денесі мен 1 дана аңшы мылтығы және 75 дана оқ анықталып, айғақ зат ретінде алынған. Автокөліктің ішінде 53 жастағы жүргізушісі мен 58 жастағы жолаушысы болған.
Қазіргі таңда, аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабы, 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Егер де сезікті азаматтардың кінәлары толық дәлелденген жағдайда, оларға қатысты белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 2 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 2 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру шарасы қолданылады.