ЖАЛҒАН ХАБАР БЕРГЕН АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ
27 қазанда сағат 21.32 шамасында белгісіз азамат қоңырау шалып, Алматы қаласындағы метрода демалыс күндері террористік акті жасалатындығы жайлы жалған хабарлаған. Қызылорда ОІІД Экстремизмге қарсы күрес басқармасы мен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Қызылорда қаласының 1966 жылы туылған тұрғыны анықталып, ұсталды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сезікті Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының Уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Егер де азаматтың кінәсі дәлелденген жағдайда, дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі