АЛМАТЫДА БІРНЕШЕ АДАМҒА НЕСИЕ АЛҒЫЗЫП, САЗҒА ОТЫРҒЫЗҒАН АЛАЯҚ ӘЙЕЛ СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРМЕК
Алматыда бірнеше адамға 65 млн. теңге несие алғызып, сазға отырғызған алаяқ әйелдің ісі сотқа жіберілді. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, келіншек 15 адамның сеніміне кіріп, банктерден ірі көлемде несие алдырған.
Жапа шеккендердің бірі - 1983 жылы туылған алматылық азаматша әйелдің айтқанына алданып, 5 банктен жалпы сомасы 14 млн-ға жуық несие рәсімдеген.
«Алаяқ әйел банктегі таныстарын алға тартып, адамдарға қайтарымсыз несие алып берем деп алдаған. Мақсатына жеткен соң несие алған адамға ақшаның бестен бірін ұстатып, қалған ақшаны өзі иемденетін болған», - делінген хабарламада.
Полиция өкілдерінің айтуынша, қазір тергеу амалдары аяқталып, іс сотқа жіберілді.