ТУҒАН НАҒАШЫСЫН ЖАН ТӘСІЛІМ ЕТТІ
Жуырда Сырдария аудандық сотында шайтан суға елітіп, нағашысын өлтіріп, қолын қанға бояған жиеннің қылмыстық ісі қаралды.
Істің желісіне тоқталсақ, сотталушы азамат өзіне тағылған айыпты толығымен мойындап, оқиға болған күні, Сырдария ауданы, Шіркейлі ауылына өзінің әке-шешесінің үйіне спирт ішімдігін ішіп барып, сол кезде әкесі өзіне «неге үйге ішіп келесін» деп сөйлегендіктен әкесі екеуі сөзге келіп қалып, әкесіне ашуланып үйінен шығып кеткен.
Сотталушы барар жері болмағандықтан осы ауыл тұрғыны нағашы атасының үйіне барады. Нағашы ағасы екеуі түскі уақыттан кейін, ауыл сыртындағы бақшаға барып жұмыс істеуге келіседі. Кешке дейін осы бақшада жұмыс жасап болған соң ауылға қайтып келе жатып қалтасындағы ақшасына дүкеннен бір шөлмек ішімдігін сатып алып, нағашы атасының үй жағына келіп, сыртта жалғыз өзі ішеді.
Осыдан кейін сотталушы үй ішіне кіріп, жәбірленушіден өзінің сатып алған балық аулайтын ауды сұрап, екеуі ау үшін сөзге келіп, нәтижесінде спирт ішімдігіне тойып алған сотталушы жәбірленушіге екі мәрте қатты соққы берген кезде, сол жерде жәбірленуші туған жиенінің қолынынан жан тәсілім етеді.
Басты сот талқылауында сотталушы өзінің кінәсін толығымен мойындап, шын жүректен өкінетінін көрсетіп, өзіне бас бостандығынан айырмайтындай жаза тағайындауды сұрайды.
Сот сотталушыға 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, жазасын түзеу колониясының «жалпы» режимінде өтеуге үкім етті.
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі