КӨШІ-КӨН ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАН
Байқоңыр қалалық соты Тәжікстан Республикасының азаматына қатысты әкімшілік іс қарады. Сотта, Тәжікстан Республикасының азаматы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сай, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзып, тіркеу кезінде көші-қон карточкасында белгіленген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтарғаны анықталған.
Сот құқық бұзушыға әкімшілік жазаның түрі белгіленген кезде, жауапкершілігін жеңілдететін мән-жай ретінде оның кінәсін мойындайтынын, соттың қаулысымен құқық бұзушы ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберу жаза қолдады. Соттың қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі