БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 54 жастағы сотталушы С.Тоймбетовке қатысты қылмыстық ісін қарап, айыптау үкімін жариялады.
2016 жылдың 14 шілде күні сотталушы С.Тоймбетов саяжайдағы апасының үй жағынан өтіп бара жатқан таныс әйел, жәбірленуші Д-ны кездестіріп, екеуі бірге С.Тоймбетовтың саяжайлық үйдің ауласындағы сәкі үстінде отырып спирт ішімдігін ішкен.
Спирт ішімдіктерін ішу барысында мас күйіндегі Д. сотталушы С.Тоймбетовке оның марқұм болған інісі екеуі үй-жайлары жоқ қаңғыбас екендерін айтып, жаман сөздермен балағаттаған соң, екеуі сөзге келіп, араларында жан-жал туындаған.
Сол сәтте, мас күйіндегі сотталушы С.Тоймбетовте арада туындаған жан-жалды себеп етіп, намысына тиетін сөздер айтқан Д-ны ұрып-соққан.
Осыдан соң, алкогольдік еліту жағдайдағы С.А.Тоймбетов сәкі жанында жатқан темір сапты балғаны өзінің он қолына алып, жәбірленушінің басына бір рет ұрған. Жәбірленуші Д. орнынан тұрып, үйге жүгіріп кіріп, жасырынбақшы болған.
Алайда, мас күйіндегі сотталушы С.Тоймбетов, жәбірленуші Д-ны үстіндегі киімінен сол қолымен ұстап, үй ауласына күштеп, сүйреп шығарып, аяғынан шалып жерге шалқасынан құлатып, өзі жәбірленушінің үстінен төніп тұрып, оң қолындағы темір сапты балғамен жәбірленушінің басынан бірнеше мәрте ұрған. Ауыр дәрежедегі дене жарақаттарын алған жәбірленуші Д. оқиға болған жерде қайтыс болған.
Одан кейін, сотталушы сәкіге жатқан жәбірленушінің ұялы телефонын алып, жәбірленуші Д-ның өлі денесін үй ауласындағы жерге көміп тастаған.
4 қазан 2016 жылғы сот үкімімен сотталушы Тоймбетов Серикбек Абдикадирович Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен (адам өлтіру) және 188-бабының 1-бөлігімен (ұрлық) кінәлі деп танылып, түпкілікті 9 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуге деп белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі