БАЙЛАНЫС ТОРАБЫНЫҢ БАСТЫҒЫ ЖАЗАЛАНДЫ
Қызылорда қалалық № 2 сотында мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттілік берілген адамға тенестірілген адам бола тұра пара берушінің пайдасына жасаған қызметтік өкілеттігіне кіретін әрекеті үшін ақша түрінде жеке өзі пара алып, қылмыс жасаған сотталушы азамат Ж–ға қатысты үкім шықты.
Атап айтқанда, сотталушы Ж. жәбірленуші А–дан Сырдария аудандық почта торабына қарасты байланыс бөлімшесінің меңгерушісі лауазымына тағайындау үшін Филиал директорының атына ұсыныс беріп, лауазымға тағайындау бұйрығын шығаруға ықпал жасауы үшін 50 000 теңге пара алған.
Басты сот талқылауында сотталушы Ж. тағылған айыпты толығымен мойындап, істеген әрекетіне шын жүректен өкінетінін көрсетті.
Сот үкімімен сотталушы Ж. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 366-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған оның мүлкін тәркілеп, өмір бойына мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан айыра отырып, параның елу еселенген соммасы мөлшерінде 2 500 000 (екі миллион бес жүз мың теңге) теңге айыппұлға жазаланды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қызылорда қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі