МҰНАЙ ӨНІМДЕРІНІҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫ САЛАСЫНДА 4 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ
Қызылорда облысында жалған кәсіпкерлік, қаржы және экономика саласындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша шаралар жүзеге асырылуда. Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше жыл басынан бері жалған кәсіпкерлікпен күрес саласында 37 қылмыстық іс сотқа жолданған. Олардың мемлекетке келтірген залалы 3,4 млрд теңгені құрап отыр.
Бюджет қаржысын талан-таражға салу және мақсатсыз жұмсау фактілері бойынша 57 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді. 38 істің өндірісі аяқталып, 169,4 млн теңгенің залалы қалпына келтірілді, - дейді департамент басшысы Серік Мұстафаев.
Ол сондай-ақ өз сөзінде мұнай мен мұнай өнімдерінің заңсыз айналымына қатысты 4 қылмыстық іс сотқа жолданғандығын айтып кетті. Заңсыз айналымнан 10 млн теңге тұратын 94 тоннадан аса мұнай мен мұнай өнімдері алынған. Айыпты адамдар сотқа тартылып, тауарлар тәркіленген.