ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА "ЕВРО-АЗИЯ ЭЙР" ӘУЕ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ТІКҰШАҒЫ ҚҰЛАДЫ
Қызылорда облысында "Евро-Азия Эйр" әуе компаниясының тікұшағы құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазТрансОйл" АҚ қоғаммен байланыс және ішкі коммуникация қызметіне сілтеме жасап.
"Кеше, 7 қыркүйекте Қызылорда облысында Астана уақыты бойынша сағат 15.40-та "Евро-Азия Эйр" әуе компаниясының МИ-8 тікұшағы құлады, оның салонында "ҚазТрансОйл" АҚ Шығыс филиалының Жезқазған мұнай құбыры басқармасының жұмысшылары болған, тікұшақ әуеге көтерілуі кезінде құлаған", - делінген хабарламада.
"Өлім-жітім жоқ. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", - деп атап өтті АҚ-дағылар.