ЕСІРТКІ ЗАТЫН БАПТАП ӨСІРГЕН
Шиелі ауданының тұрғыны үйінің бақшасында сора өсімдігін өсіргені үшін бір жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын алды. Бұл туралы Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Айыпты азамат шабдалы ағашының түбіне бір дана және де бақшасының аяқ жағындағы арықтың жағасындағы қалың өсіп тұрған шеңгелдердің арасына екі дана ұяшықтар қазып, сол ұяшықтарға өзі сақтап жүрген құрамында есірткі заты бар өсіруге тиым салынған сора өсімдіктерінің үш дана тұқымын еккен.
Ол өзі еккен құрамында есірткі заты бар үш дана сора өсімдіктерін жаз айларында күнделікті суарып, баптап өсірген.
Шиелі АІІБ-нің қызметкерлерімен жедел іс-шаралар жүргізу барысында сотталушы азамат үйінің бақшасында заңсыз өсіп тұрған сора өсімдіктері алынған.
Сот сотталушыны ҚР ҚК-нің 262-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын белгіледі.
Қазақстан Республикасының ҚК-нің 63-бабы қолданылып, сотталушыға тағайындалған жаза шартты деп саналып, оның өзі мен мінез-құлқының түзелуі үшін 1 жыл сынақ мерзімі белгіленді. Үкім заңды күшіне енбеген.
Шынар БЕКБАН