ЖЕР ТЕЛІМДЕРІН ЗАҢСЫЗ САТҚАН АЗАМАТТАР ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Жер телімдерін заңсыз сатып, алдау жолымен ақшаларын иемдену фактілері азаяр емес. Өткен жылдың өзінде мұндай алаяқтық қылмыстардың 9 дерегі, 2016 жылдың 7 айында 3 дерегі тіркелген.
Атап айтқанда, Қызылорда қаласының тұрғыны өз жәбірленушілерін жер комитетінде істейтіндігіне сендіріп, жер телімдерін арзан бағада алып, құжаттарын қысқа уақыт ішінде рәсімдеуіне көмек беремін деген уәдемен бірнеше адамнан әр түрлі сомадағы ақша алып, мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін заңсыз сатқандығы анықталды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі 2-тармағымен қылмыстық іс қозғалды.
Дәл осындай факт ағымдағы жылдың қаңтар айында да тіркелген. Қызылорда қаласының 3 тұрғыны жер алып беремін деп сендіріп, әрқайсысынан 75000 теңге ақшаларын алаяқтық жолмен алған азаматтың үстінен арызданады. Тексеру барысында күдікті өзін жер комитетінде істеймін деп таныстырғандығы анықталды. Бұл факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.
Осыған сәйкес, қала тұрғындарына алаяқтардың арбауына түсіп қалғаныңызды түсінсеңіз, күдіктімен берілетін жалған мәліметтерге сеніп, уақытты босқа шығындамай ішкі істер органдарына арыздануларын сұраймыз.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі