ЕСІРТКІ АЛАМЫН ДЕП АДАМДЫ ӨЛТІРДІ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сотталушы Рысбеков Рустамға қатысты айыптау үкімі жарияланды. Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабының 2 бөлігінің 7 тармағымен (алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып, адамды өлтіру) кінәлі деп танылып, 15 (он бес) жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді.
Оқиға ағымдағы жылдың 18 ақпаны күні болған. Сотталушы Р.Рысбеков сыбайласы Ж.Мауленмен бірге арақ ішіп отырып, бұрын соңды есірткі затын егумен айналысып жүрген жәбірленуші М.Абуовтан есірткі затын күштеп тартып алып, оны қасақана өлтіру туралы алдын ала сөз байласқан. Одан кейін, қастарына С.Рысбеков пен Е.Бекниязовты ертіп, жәбірленушіні тауып алып, оған да арақ беріп, кейіннен «1 қап есірткі заты қайда?» деп оны Ж.Маулен екеуі ұрып-соғып, өлтірген. Сол кезде сотталушы Р.Рысбеков қашып кеткен болатын. Оған іздеу жарияланып, ал қалған сыбайластары бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, іс сотта алқабилердің қатысуымен қаралған.
Басты сот талқылауында сотталушы кінәсін ішінара мойындап, жәбірленушіні өлтіру мақсатым болған жоқ, оны қолымен бірнеше рет бетінен ұрдым, ал Ж.Маулен басынан тепті деп, өзін ақтауды сұрады.
Аталған қылмыс бойынша сотталушы Р.Рысбековтың сыбайластары осы соттың 18.05.2016 жылғы үкімімен, атап айтқанда, сотталушы Маулен Жандос Тулегенұлы, ҚР ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігінің 7-тармағымен кінәлі деп танылып, 15 жылға, ал сотталушылар Рысбеков Сейткан мен Бекниязов Ерлан ҚК-нің 434 бабымен (қылмыс туралы хабарламау) кінәлі деп танылып, біріншісі- 4 жылға, екіншісі – 3 жылға бас бостандықтарынан айырылған болатын. Енді сотталушы Р.Рысбековке де қатысты сот соңғы нүктесін қойды.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі