ЖАҢАҚОРҒАНДА КӘСІПОРЫН БАСШЫСЫ СОТТАЛДЫ
Жаңақорғанда білдей бір кәсіпорын басшысы қызмет бабын пайдалану арқылы мемлекет қаржысын қалтасына басқан, - деп хабарлады аудандық соттың баспасөз қызметінен.
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын меңгерушісі 2015-2016 жылдары 541085 теңге мемлекет қаржысын заңсыз артық аударып, бас пайдасына жұмсаған. Сотталушы ҚР ҚК-нің 189-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы, бас бостандығынан 5 жылға айырылды.