ПОЛИЦЕЙДІҢ ШЕНІН ЖЫРТЫП, ЖАҒАСЫНА ЖАРМАСҚАН
Қызылорда қалалық №2 соты тәртіп сақшысының жағасына жармасқан қос азаматқа қатысты үкім шығарды, - деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.
Сотталушылар жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан Қызылорда қалалық ІІБ-ның жергілікті полиция қызметкері, полиция аға сержанты Н.-ға қарсылық білдіріп, бас кимін жерге лақтырып, жағасынан ұстап, шенін, киімдерін жыртқан. Сот үкімі бойынша оларға ҚР ҚК-нің 380-бабының 1-бөлігімен 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.