ЕКІ АДАМНЫҢ ӨЛІМІНЕ КІНӘЛІ АЗАМАТҚА СЫНАҚ МЕРЗІМІ БЕЛГІЛЕНДІ
Қармақшы аудандық соты екі адамның өмірін қиған көлік апатына қатысты үкім шығарды, - деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.
Сотталушы басқаруындағы автокөлікпен жол-көлік оқиғасын жасаған. Нәтижесінде екі адам аудандық ауруханада қайтыс болды. Сот үкімімен ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен ол кінәлі деп танылып, 5 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Сотталушыға 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ол сынақ мерзіміне ауыстырылды.
Айта кетейік, сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.