АДАМ ӨЛТІРГЕН ҮШІН СОТТАЛДЫ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында аса ауыр қылмыс жасаған сотталушы Маханов Женисбек Мейрмановичке қатысты айыптау үкімі жарияланды. Ол ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен және 287-бабының 1-ші бөлігімен кінәлі деп танылып 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді.
Сотталушы ауылдасының басынан темір трубамен ұрып, одан кейін заңсыз алып жүрген пышағымен денесіне 22 рет жарақат салған. Жәбірленуші жігіт алған ауыр жарақаттардан оқиға болған жерде қайтыс болған. Сөйтіп, сотталушы Ж.Маханов аса ауыр қылмыс жасаған - адам өлтірген және суық қаруды заңсыз алып жүрген.
Сотталушы басты сот талқылауында жәбірленушінің өзі ағаларының үйіне барып оларды ұрып, соғып кеткенін айтты. Бұл жағдайды естіп ол өзінің автокөлігімен ағаларымен бірге жәбірленушінің үйіне сөйлесу үшін барған. Ағалары аулаға кіріп кеткен, ол болса сыртта күтіп отырған. Бірақ, айқай-шуды естіген ол аулаға кіріп, жәбірленуші ағасының үстіне мініп, оны жұдырықпен ұрып жатқанын көргенде машинасындағы темір труба мен пышақты алып жәбірленуші ұра бастаған.
Сот отырысында сотталушы кінәсін толық мойындап, жәбірленушілерден кешірім сұрады.
Сотта сотталушының әрекетінде жауапкершілігін ауырлататын мән-жайлар жоқ деп табылып, ал жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайларға жәбірленушінің қылмыстық құқық бұзушылыққа түрткі болған заңға қайшы мінез құлқы (әрекеті), кінәсін мойындап шын жүректен өкінуі, екі жасөспірім балдарының барлығы, олардың жалғыс асыраушысы екендігі, бұрын сотталмағандығы, жақсы жағынан мінезделетіні ескерілді.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі