ҚЫЗЫЛОРДАДА ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН 1600 ТҮП СОРА ӨСІРГЕН 2 КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
20 шілде күні жедел іс-шаралар барысында Қаракөл ауылы «Ақ индий» жазық даласында хош иісті сора өсімдігіне ұқсас шөп өсірілген алқап анықталды. Іздестіру барысында Қызылорда қаласынының 1964 және 1947 жылы туған 2 азаматы ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды, деп хабарлады Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.
Сараптама жүргізіліп, «сора» өсімдігіне жататынындығы анықталды. Шамамен 400 кг 1600 түп есірткіге ұқсас өсімдік өртелді. Сонымен қатар, оқиға орнынан матаға оралған өзіне тән ерекше иісі бар кептірілген өсімдік тәріздес зат анықталған. Сараптама нәтижесінде жалпы салмағы 20 кг 897,77 гр «кептірілген марихуана» екендігі белгілі болды.
Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Дәл осындай дерек 22 шілде күні тіркелді. Жалағаш ауданы, Аққыр ауылына қарасты «Қосынды» деп аталатын жерде 243 түп тыйым салынған есірткі затына ұқсас сора өсімдігін егіп, күтіп-баптаған 1976 және 1983 жылы туған 2 азамат ұсталды. 15 түп өсімдік сараптама жүргізуге алынып, қалғаны өртелді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 2 күдікті Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.