ЖАЛҒАН АҚШАНЫ БАНККЕ ӨТКІЗБЕК БОЛҒАН АДАМ СОТТАЛДЫ
Қызылорда қаласының №2 сотында жалған ақшаны сақтап, оны банкте айырбастағысы келген қала тұрғынына қатысты сот үкімі шығарылды, деп хабарлады аталған соттың баспасөз қызметінен.
Сотта анықталғандай, Ш есімді азамат, автокөліктен 2000 және 5000 теңге тауып алып, 2016 жылдың 19-ші сәуірінде «Казкоммерцбанк» АҚ Қызылорда филиалына келіп, ақшаларды ауыстырып беруді сұраған. Кассир қызметкері ақшаны тексеріп, ақшаның жалған екенін айтып өзіне қайтарып берген. Ол мұнымен тоқтамай, 25 сәуір күні «Ұлттық банкі» АҚ-на да барып, өткізбек болған кезде, банктің қауіпсіздік қызметкерлері оны ұстаған.
«Сотталушы Ш. ҚР ҚК-нің 231-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған ҚР ҚК-нің 63-бабын қолданып, оған тағайындалған 2 (екі) жыл бас бостандығынан айыру жазасын шартты деп санап, осы мерзімге пробациялық бақылау орнату жазасы тағайындалды», делінген хабарламада.