«ЧАНДИ» ЖӘНЕ ЕСІРТКІ...
Кеденшілердің сенімді серігі – қызметтік иісшіл Чанди 4 килограммға жуық есірткінің айналымға түсіп үлгертпей, жолын кесті.
Қызылорда облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті қызметкерлері облыстың Ішкі істер органдарымен бірлескен кезекті рейді кезінде «Toyota Hilux» маркалы автокөлігінен салмағы 3 кг. 800 гр. есірткі тапты. Көліктің орындықтары арасына мұқият жасырылған спорт сөмкесіндегі төрт пакетке бөліп салынған бұл заттың «кептірілген марихуана» екенін сот-криминалдық сараптама растап отыр.
Автокөлік «Шымкент-Самара» трассасында тоқтатылған, иісшіл Чанди сөмкеден соң жолаушы азаматтан да күдіктенген. Нәтижесінде, оның қалтасынан 0,28 гр. «темекі қосылған марихуана» шықты.
Қызылордалық кеденшілер осы факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 259 бабы 1-1 тармағымен қылмыстық іс қозғады.
Бахыт ОРДАНОВА,
баспасөз қызметінің бас маманы