«НЕСИЕ ӘПЕРЕМ» ДЕП МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ШЫҒЫНҒА БАТЫРДЫ
Қызылорда қалалық №2 сотында бөтен мүлікті сенімді теріс пайдалану жолымен алдап алып, жымқырып, алаяқтық қылмысын жасаған сотталушы азаматшаға қатысты үкім шықты.
Сотталушы З. жәбірленуші А.-ға «Альянс банкінен» жеке шаруашылықтың атынан ірі мөлшерде 5000000 теңге несие алып беретінін айтып, «ол үшін 100000 теңге берсең болды, өзім реттеймін» деген. Осыдан кейін сотталушы «несие құжаттарын реттестіріп жатырмын» деп, тағы 100000 теңге қажет екендігін айтып, жәбірленушінің құны 100000 теңге тұратын бриллиант сақина-сырғасын алдап алған.
Алайда, сотталушы жәбірленушіге Қызылорда қаласында несие беру уақытша тоқтап тұрғанын айтып, тағы 400000 теңге керектігін айтып, құндыз тонын, алтын жүзігін алдап алған.
Содан соң өзінің Алматы қаласында жүргенін, несие дайын болып қалғанын айтып тағы да 200000 теңге сұрап, жеке куәлігінің шотына аудартқан. Сөйтіп, қылмыстық әрекеттерінің салдарынан жәбірленушіге жалпы 1025000 теңгеге мүліктік шығын келтірген.
Сот үкімі бойынша сотталушы З. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен кінәлі деп танып, мүлкін тәркілей отырып, өмір бойына ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қызылорда қаласы №2 сотының баспасөз қызметі