ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ҚАРАҚШЫНЫ ІЗІН СУЫТПАЙ ҚОЛҒА ТҮСІРДІ
Ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде Шиелі АІІб-нің кезеші бөлімшесіне Шиелі кентінде орналасқан букмекерлік кеңсенің кассир – операторы хабарласқан. Жәбірленушінің хабарламасында сол түні аталған букмекерлік кеңсеге бетіне бетперде киіп, шолақ мылтықпен қаруланған белгісіз азамат кассаға шабуыл жасаған. Кассадан 322 мың 700 тенге ақша қарақшылықпен иемденіп, оқиға болған жерден қашып кеткенін айтқан.
Аталған хабарлама бойынша Шиелі АІІб-нің басшылығының ұйымдастыруымен барлық жеке құрамға сезіктінің сыртқы белгілері, қаруы туралы бағыт – бағдар беріліп, оны ұстау мақсатында аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері бірнеше бағыттарға бөлініп, кент аймағына шолу жүргізеді.
Дер кезінде жоғары дәрежедегі ұйымдастырылған жедел – іздестіру шаралараның нәтижесінде полиция қызметкерлері кент орталығында жасырынып үлгермеген сезіктінің соңына түседі.
Полиция қызметкерлерімен жан – жақтан қоршауға алынып, дер кезінде күдіктіні қарулансыздырып, құрықтайды.
Күдіктіге сырттай тексеру жүргізу барысында ұңғысында оғы бар шолақ мылтықтан басқа, арнайы жасалған қара түсті бетперде қолғап, үш дана оқтар және букмекерлік кеңседен қарақшылықпен иемденген ақшалар айғақты заттар ретінде алынды.
Қазіргі таңда аталған қылмыс оқиғасы бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 179–бабының 2–бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, күдікті азамат Шиелі АІІб-нің уақытша ұстау абақтысына оқшауландырылды. Қарақшылық шабуыл жасаған күдікті 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуға жазалануы мүмкін.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі