ЕСІРТКІ ЗАТЫН ИЕМДЕГЕНІ ЖӘНЕ САҚТАҒАНЫ ҮШІН КІНӘЛІ ДЕП ТАНЫЛДЫ
Қызылорда қалалық №2 соты айыпталушы азаматқа қатысты қылмыстық істі қарады. Оны «Ақтөбе-Алматы» пойызында Қызылорда стансасындағы ІІЖБ қызметкерлері жедел-іздестіру шара барысында ұстаған, деп хабарлады қызылорда қалалық №2 сотының баспасөз қызметі.
Одан жалпы салмағы 11,28 грамм есірткі заты-марихуана алынған, яғни ол заңсыз тасымалдап, сақтап жүрген. Басты сот талқылауында сотталушы кінәсін толық мойындады.
Сот үкімімен айыпталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен (есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) кінәлі деп танылып, оған 40 АЕК мөлшерінде айыппұл тағайындалып, мемлекет пайдасына сот сараптамасын жүргізуге жұмсалған сот шығыны 5 533 теңге өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Шынар БЕКБАН