ЕСІРТКІ ТАСЫМАЛЫМЕН АЙНАЛЫСЫП, ЗАҢСЫЗ ҚАРУ САҚТАҒАН 6 АДАМ СОТТАЛДЫ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында есірткі тасымалымен айналысып, заңсыз қару сақтаған 6 адамға қатысты айыптау үкімі жарияланды, - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
2015 жылдың қыркүйек айынан бастап сотталушылар К.Примжанов, К.Утарбаев, Е.Бекманов, С.Муханбетжанов, Б.Мұхамеджан және М.Жұмашовтар сөз байласып аса ірі мөлшердегі есірткіні бірнеше рет өткізу мақсатында заңсыз иемденіп, сақтап, тасымалдап, жөнелтіп, өткізген. Атап айтқанда, сотталушы К.Примжанов сотталушы С.Муханбетжанов арқылы сотталушы Б.Мұхамеджанның өзінің жеке тұрғын үйінің қорасынан өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді, сораны ірі мөлшерде егіп-өсіріп, 1 килограмын 100000 теңгеден бағалап, бірнеше рет алған. Сотталушылар Қызылорда ҚІІБ-ның полицейлері Е.Бекманов және К.Утарбаевтар аса ірі мөлшердегі есірткіні автокөлікпен тасымалдау кезінде полиция бекетінен кедергісіз өткізу және есірткіні жөнелтуге әзірлеу барысында қала төңірегінде қызмет атқаратын жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің кездейсоқ тексеруінен қауіпсіздендіруге келісіп, қызметтері үшін әр рейске 30000 теңгеден ақша беретін болып және қажеттілік туындаған жағдайда есірткімен жабдықтауға уәделесіп, тасымалдаған. Сотталушы М.Жұмашов сотталушы К.Примжанов арқылы есірткі затын алып, Алматы қаласында шырпы қорабын 5000-10000 теңгеден, ал әр стаканын 20000-25000 теңгеден сатып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, бірнеше рет, аса ірі мөлшердегі есірткіні заңсыз өткізген.
Сотталушы К.Примжановтың үйін тінту барысында жолсөмке ішінен «Ф1» гранатасы, сотталушы М.Жұмашовтың үйін тінту барысында зауыттық тәсілмен жасалған, атуға жарамды күйдегі, «Оса» үлгісіндегі, 18х45 калибрлі травматикалық тапаншасы мен оның 4 дана резеңке оқтары тінту нәтижесімен айғақты зат ретінде алынған.
Сот үкімімен сотталушы К.Примжанов ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінің 1,2,3-тармағымен, 287-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 13 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді. Сотталушы К.Утарбаев, Е.Бекманов, С.Муханбетжанов ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінің 1,2,3-тармақтарымен кінәлі деп танылып, мүлкілері тәркіленіп, 10 жылға, С.Муханбетжанов 12 жылға бас бостандығынан айырылып, жазаларын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді. Сотталушы Б.Мұхамеджан ҚР ҚК-нің 300-бабы 2-бөлігінің 3-тармағымен, 297-бабы 3-бөлігінің 1,2,3-тармақтарымен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 11 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді. Сотталушы М.Жұмашов ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 1,2,3-тармақтарымен, 287-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 13 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын ерекше режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Шынар БЕКБАН